РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңдарына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2018-2019, 2019-2020, 2020-2021 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № А-7/269 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6703 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде 2018 жылғы 5 шілдеде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"2018-2019, 2019-2020, 2020-2021 оқу жылдарына арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы";
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
""Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-тармағындағы 8-3) тармақшасына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған:
1) жергілікті бюджет есебінен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған 2018-2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
2) жергілікті бюджет есебінен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған 2019-2020 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
3) жергілікті бюджет есебінен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған 2020-2021 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.";
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"2. "Ақмола облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі мүдделі органдармен бірлесе отырып, жергілікті бюджет есебінен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша шаралар қолдансын.";
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті бюджет есебінен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды дайындау 2018-2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті бюджет есебінен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды дайындау 2019-2020 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Жергілікті бюджет есебінен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған 2019-2020 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы";
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті бюджет есебінен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды дайындау 2020-2021 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Жергілікті бюджет есебінен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған 2020-2021 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Е. Мысырәлімоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы күші 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға тарайды.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі | Е.Маржықпаев |
Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі № А-4/166 қаулысына қосымша |
|
Ақмола облысы әкімдігінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № А-7/269 қаулысымен бекітілген |
Жергілікті бюджет есебінен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған 2018-2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Профиль атауы (бағыты) | Орындар саны | Оқу жылы ішінде 1 студентті оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (мың теңгемен) |
1 | Білім беру | 1173 | 371,1 |
2 | Медицина, фармацевтика | 164 | 423,7 |
3 | Өнер және мәдениет | 205 | 525,4 |
4 | Қызмет көрсету, экономика және басқару | 710 | 487,6 |
5 | Геология, тау-кен өндірісін өндіру өнеркәсібі және пайдалы қазбаларды өндіру | 175 | 383,3 |
6 | Энергетика | 117 | 361,3 |
7 | Металлургия және машина жасау | 70 | 378,8 |
8 | Көлік (салалар бойынша) | 220 | 455,8 |
9 | Өндіріс, құрастыру, пайдалану және жөндеу (салалар бойынша). Көлікті пайдалану | 395 | 531,9 |
10 | Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар. Электрондық техника | 345 | 453,4 |
11 | Құрылыс және коммуналдық шаруашылық | 370 | 345,3 |
12 | Ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология | 755 | 526 |
Жиыны: | 4699 |