"Ақмола облысының елді мекендер аумағында жер учаскелері жеке меншікке беру кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы" Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 21 қазандағы № А-10/480 қаулысына және Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы 21 қазандағы № 5С-42-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 6 қыркүйектегі № A-9/495 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 6 қыркүйектегі № 6С-37-5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 9 қыркүйекте № 7364 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Ақмола облысының елді мекендер аумағында жер учаскелері жеке меншікке беру кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы" Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 21 қазандағы № А-10/480 қаулысына және Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы 21 қазандағы № 5С-42-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5106 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 желтоқсанда "Арқа ажары" және "Акмолинская правда" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген әкімдік қаулысының және мәслихат шешімінің қосымшасында:

      "Алексеевский лесхоз" сөздері "Ақкөл орман шаруашылығы" сөздерімен ауыстырылсын;

      "96 разъезд" цифрлары мен сөзі "Ыбырай Алтынсарин ауылы" сөздерімен ауыстырылсын;

      "Малотимофеевка ауылы" сөздері "Аққайың ауылы" сөздерімен ауыстырылсын;

      "Максимовка ауылы" сөздері "Арайлы ауылы" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының
әкімі
Е.Маржықпаев
      Ақмола облыстық
мәслихаты сессиясының
төрағасы
Ғ.Бекмағамбетов
      Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы
Ә.Баймағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады