"Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № А-5/199 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 6 қыркүйектегі № A-9/431 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 13 қыркүйекте № 7382 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № А-2/47 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 04.02.2020 № А-2/47 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № А-5/199 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7168 болып тіркелген, 2019 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1, 2-қосымшалары осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі Е.Маржикпаев

  Ақмола облысы әкімдігінің
2019 жылғы 6 қыркүйектегі
№ А-9/431 қаулысына
1-қосымша
  Ақмола облысы әкімдігінің
2019 жылғы 29 сәуірдегі
№ А-5/199 қаулысына
1-қосымша

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

Субсидиялаудың көлемі

Субсидиялаудың сомасы, мың теңге

Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

1.1

ірі қара малдың тауарлық аналық басы

бас/шағылыстыру маусымы

32 000

320 000

1.2

ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы

бас/шағылыстыру маусымы

15 194

303 880

2.

Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу

бас/шағылыстыру маусымы

250

25 000

3.

Отандық асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу

сатып алынған бас

878

131 700

4.

Шетелдік асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу

сатып алынған бас

2 940

661 500

Барлығы

1 442 080

Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы

1.

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу

1.1

отандық немесе ТМД елдерінен әкелінген шетелдік

сатып алынған бас

46

6 900

1.2

Аустралия, АҚШ, Канада және Еуропа елдерінен әкелінген

сатып алынған бас

141

31 725

2.

Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау

ұрықтандырылған бас/шағылысу маусымы

4 500

22 500

Барлығы

61 125

Етті құс шаруашылығы

1.

Ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу

сатып алынған бас

66 870

40 122

Барлығы

40 122

Шошқа шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды шошқалар сатып алу

сатып алынған бас

100

14 000

2.

Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу

бас/шағылысу маусымы

100

4 000

Барлығы

18 000

Жиыны

1 561 327

  Ақмола облысы әкімдігінің
2019 жылғы 6 қыркүйектегі
№ А-9/431 қаулысына
2-қосымша
  Ақмола облысы әкімдігінің
2019 жылғы 29 сәуірдегі
№ А-5/199 қаулысына
2-қосымша

Мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

Субсидиялаудың көлемі

Субсидиялаудың сомасы, мың теңге

Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы

1.

Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін өткізілген немесе ауыстырылған бұқашықтардың құнын арзандату

тірідей салмағы, килограмм

933 794

186 758,8

2.

Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдары үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату

қосқан салмағы, килограмм

645 504

129 100,8

Барлығы

315 859,6

Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы

1.

Сүт өндіру құнын арзандату

1.1

бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылық

өткізілген немесе өңделген килограмм

4 537 907,143

158 826,75

1.2

бағымдағы сиырларының саны 400 бастан басталатын шаруашылық

өткізілген немесе өңделген килограмм

1 646 821,1

32 936,422

1.3

бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық

өткізілген немесе өңделген килограмм

724 601,2

7 246,012

1.4

ауыл шаруашылығы кооперативі

өткізілген немесе өңделген килограмм

600 000

6 000

Барлығы

205 009,184

Жылқы шаруашылығы

1.

Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату

килограмм

227 000

13 620

Барлығы

13 620

Етті құс шаруашылығы

1.

Құс етін өндіру құнын арзандату

1.1

15 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс

өткізілген немесе өңделген килограмм

5 721 178,575

457 694,286

1.2

2 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс

өткізілген немесе өңделген килограмм

331 803,96

16 590,198

Барлығы

474 284,484

Жиыны

1 008 773,268


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады