Ақмола облысы Бурабай ауданының кейбір елді мекендерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 25 қазандағы № А-11/503 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 6С-38-12 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 30 қазанда № 7450 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 18 сәуірдегі қорытындысының, "Бурабай ауданының кейбір елді мекендерін қайта атау бойынша ұсыныстар енгізу туралы" Бурабай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 10 қазандағы № а-10/387 қаулысы мен Бурабай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 10 қазандағы № 6С-33/4 шешімінің негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Бурабай ауданының Новый Қарабауыр ауылы Ақмола облысы Бурабай ауданының Қарабауыр ауылы деп қайта аталсын.

      2. Ақмола облысы Бурабай ауданының Первомай ауылы Ақмола облысы Бурабай ауданының Обалы ауылы деп қайта аталсын.

      3. Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының
әкімі
Е.Маржықпаев
      Ақмола облыстық
мәслихаты сессиясының
төрағасы
Ғ.Бекмағамбетов
      Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы
Ә.Баймағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады