Ақмола облысы Атбасар ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 25 қазандағы № А-11/506 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 6С-38-7 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 1 қарашада № 7464 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, "Ақмола облысы Атбасар ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту жөнінде ұсыныстар енгізу туралы" Атбасар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі № а-4/169 қаулысының және Атбасар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 6С 30/6 шешімінің негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Атбасар ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) жалпы алаңы 182198 гектар Сепе және Есенгелді ауылдарының шекараларында Атбасар ауданының Сепе ауылдық округі әкімшілік-аумақтық бірлігі құрылсын, Атбасар ауданы Сепе ауылдық округінің әкімшілік орталығы Сепе ауылы айқындалсын;

      2) жалпы алаңы 129738 гектар Сочинское ауылын оның құрамына қосумен Атбасар ауданы Шұңқыркөл ауылдық округінің шекаралары өзгертілсін және Атбасар ауданы Шұңқыркөл ауылдық округінің әкімшілік орталығы Сочинское ауылы айқындалсын.

      2. Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының
әкімі
Е.Маржықпаев
      Ақмола облыстық
мәслихаты сессиясының
төрағасы
Ғ.Бекмағамбетов
      Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы
Ә.Баймағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады