Ақмола облысы Атбасар ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 22 қарашадағы № А-11/570 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 22 қарашадағы № 6С-39-8 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 29 қарашада № 7530 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, "Ақмола облысы Атбасар ауданы Макеевка ауылдық округінің Третьяковка ауылын басқа қоныстар санатына жатқызу туралы ұсыныстар енгізу туралы" бірлескен Атбасар ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 8 тамыздағы № а-8/309 қаулысының және Атбасар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 8 тамыздағы № 6С 23/4 шешімінің негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Атбасар ауданы Макеевка ауылдық округінің Третьяковка ауылы басқа қоныстар санатына жатқызылсын және есептік деректерден шығарылсын және оны Ақмола облысы Атбасар ауданы Макеевка ауылдық округі Шуйское ауылының құрамына енгізу.

      2. Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі Е.Маржықпаев
      Ақмола облыстық
мәслихаты сессиясының
төрағасы
Ғ.Бекмағамбетов
      Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы
А.Баймағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады