"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, "Ақмола облысы Егіндікөл ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту жөнінде ұсынысты енгізу туралы" бірлескен Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 16 мамырдағы № а-5/88 қаулысының және Егіндікөл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 16 мамырдағы № 6С34-4 шешімінің негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облысы Егіндікөл ауданы Жалманқұлақ ауылдық округінің Қоңыртүбек ауылы басқа қоныстар санатына жатқызылсын және есептік деректерден шығарылсын және оны Ақмола облысы Егіндікөл ауданы Жалманқұлақ ауылдық округі Жұлдыз ауылының құрамына енгізу.
2. Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі | Е.Маржықпаев |
Ақмола облыстық мәслихаты сессиясының төрағасы |
Ғ.Бекмағамбетов |
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы |
А.Баймағамбетов |