Ақмола облысы Есіл ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 22 қарашадағы № А-11/573 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 22 қарашадағы № 6С-39-5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 29 қарашада № 7533 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, "Есіл ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту жөнінде ұсыныс енгізу туралы" бірлескен Есіл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № а-8/228 қаулысының және Есіл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 тамыздағы № 56/7 шешімінің негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Есіл ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) жалпы алаңы 75956 гектар Свободный және Раздольный ауылдарының шекараларында Есіл ауданының Свободный ауылдық округі әкімшілік-аумақтық бірлігі құрылсын, Есіл ауданы Свободный ауылдық округінің әкімшілік орталығы Свободный ауылы айқындалсын;

      2) жалпы алаңы 69741 гектар Курский ауылын оның құрамына қосумен Есіл ауданы Двуречный ауылдық округінің шекаралары өзгертілсін және Есіл ауданы Двуречный ауылдық округінің әкімшілік орталығы Двуречный ауылы айқындалсын;

      3) жалпы алаңы 73251 гектар Ярославка ауылын оның құрамына қосумен Есіл ауданы Красивинский ауылдық округінің шекаралары өзгертілсін және Есіл ауданы Красивинский ауылдық округінің әкімшілік орталығы Красивый ауылы айқындалсын.

      2. Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі Е.Маржықпаев
      Ақмола облыстық мәслихаты
сессиясының төрағасы
Ғ.Бекмағамбетов
      Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы
Ә.Баймағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады