"Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысындағы спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі бекітілсін.
2. "Ақмола облысындағы спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № А-12/548 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6200 болып тіркелген, 2017 жылғы 8 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Е. Мысырәлімоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі | Е.Маржикпаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі |
Ақмола облысы әкімдігінің қаулысымен 2019 жылғы "27" қарашадағы № А-11/579 бекітілген |
Ақмола облысындағы спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі
Топтар атауы | Спорт түрлерінің атауы | ||||
Олимпиадалық емес спорт түрлері | Жазғы олимпиадалық спорт түрлері | Қысқы олимпиадалық спорт түрлері | Ұлттық спорт түрлері | Паралимпиадалық спорт түрлері | |
"А" тобы |
Биатл, |
Ауыр атлетика, |
Биатлон, |
Асық ату, |
Жеңіл атлетика, |
"В" тобы |
Автомотоспорт, |
Бадминтон, |
Керлинг, |
Бәйге, | |
"С" тобы |
Авиамодельді спорты, |
Қол добы, |
Конькимен мәнерлеп сырғанау, | Теңге ілу |