Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы ауданы Михайлов ауылдық округі әкімінің 18.09.2019 № 19 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Аршалы ауданданының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2019 жылғы 16 тамыздағы № 277 ұсынуы бойынша, Михайлов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облысы Аршалы ауданы Михайлов ауылдық округі Ольгинка ауылының аумағында малдарының сібір жарасының анықталуына байланысты карантин белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім 2019 жылғы 16 тамыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Михалов ауылдық округінің әкімі |
Д.Бижанов |