Атбасар қаласының құрамдас бөлектерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 ақпандағы № а-2/90 қаулысы және Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 ақпандағы № 6С 29/9 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 5 наурызда № 7092 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, халқының пікірін ескере отырып, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 18 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атбасар қаласының кұрамдас бөліктері қайта аталсын:

      1) № 2 шағын ауданы Армандастар шағын ауданына;

      2) Чкалов көшесі Қанай би көшесіне;

      3) Пугачев көшесі Желтоқсан көшесіне;

      4) Радиоузельная көшесін Өндіріс көшесіне.

      2. Осы Атбасар ауданы әкімдігінің қаулысы мен Атбасар аудандық мәслихаттың шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Атбасар ауданының әкімі А.Қалжанов
      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
С.Молодикова
      Атбасар аудандық
мәслихат хатшысы
Б.Борұмбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады