2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 3 маусымдағы № а-6/238 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 11 маусымда № 7228 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 7 қазандағы № а-10/413 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 07.10.2019 № а-10/413 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген 2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Б.Бекбаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді, ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі А.Қалжанов

  Атбасар ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "03" маусымдағы
№ а-6/238 қаулысымен
бекітілген

2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі білім беру ұйымының түрі

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ана төлемақысынын мөлшері (теңге)



мемле-кеттік

жеке меншік

мемлекеттік

жеке меншік

мемлекеттік

жеке меншік

1

Балабақша

530

0

27715

0

27715

0

2

Толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық

457

0

21069

0

21069

0

3

Жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық

127

0

10535

0

10535

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады