2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 7 қазандағы № а-10/413 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 10 қазанда № 7414 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген 2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

      2. Атбасар ауданы әкімдігінің "2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" 2019 жылғы 3 маусымдағы № а- 6/238 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7228 тіркелген, 2019 жылғы 18 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Б.Бекбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді, ресми жарияланған күнінен бастап қолданыска енгізіледі және 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтык қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі А.Калжанов

  Атбасар ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 7 қазандағы
№ а-10/413 қаулысымен
бекітілген

2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі білім беру ұйымының түрі

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ананың төлемақысының мөлшері (теңге)

мемлекеттік

жеке меншік

мемлекеттік

жеке меншік

мемлекеттік

жеке меншік

1

Балабақша

530

0

29200

0

12145

0

2

Толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық

457

0

21069

0

12145

0

3

Жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық

127

0

10535

0

6500

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады