Атбасар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 ақпандағы № 6С 9/10 "Атбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 9 қазандағы № 6С 34/8 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 14 қазанда № 7421 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қарашадағы № 8С 9/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 17.11.2023 № 8С 9/4 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атбасар аудандық мәслихатының "Атбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 22 ақпандағы № 6С 9/10 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5835 тіркелген, 2017 жылғы 30 наурызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Атбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      2-тармақтың 9) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;";

      4-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.";

      орыс тіліндегі 6-тармаққа өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      7-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "7. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндердің тізбесі:

      1) Жеңіс күні - 9 мамыр (бір рет);

      2) Қарттар күні - 1 қазан (бір рет);

      3) Мүгедектер күні - қазанның екінші жексенбісі (бір рет);

      4) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні - 15 ақпан (мерейтой күндеріне бір рет).";

      8-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "8. Әлеуметтік көмек келесі санаттағы алушыларға беріледі:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға;

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген басқа тұлғалардың санаттарына;

      ең төмен және ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен алатын зейнеткерлерге;

      барлық санаттағы мүгедектерге;

      көпбалалы отбасыларға;

      көпбалалы аналарға және олардың 15 жасқа дейінгі балаларына;

      жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстан Демократиялық Республикасына жiберiлген әскери мiндеттiлерге;

      ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстан Демократиялық Республикасына жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстан Демократиялық Республикасына жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне;

      Ауғанстан Демократиялық Республикасындағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған жұмысшылар мен қызметшілеріне;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып шыққан тұлғаларға;

      пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға;

      табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға);

      әлеуметтік мәні бар (туберкулез, онкологиялық аурулар және адамның иммундық тапшылық вирусы) ауруларға шалдыққан тұлғаларға;

      колледждерде күндізгі оқу нысаны бойынша ақылы оқитын, ауылдық елді мекендерде тұратын, аз қамтылған және көп балалы отбасылардағы студенттерге.

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:

      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған негіздер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан, азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру, немесе әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгіленбейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы, орташа табыстың бар болуы.";

      9-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "9. Әлеуметтік көмек көрсетіледі:

      1) 9 мамыр - Жеңіс күніне:

      Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

      Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларына;

      Ұлы Отан Соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалардың басқа санаттарына;

      2) Қарттар күніне:

      ең төмен және ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен алатын зейнеткерлерге, екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) Мүгедектер күніне:

      барлық санаттағы мүгедектерге - екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне (мерейтой күндеріне):

      жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстан Демократиялық Республикасына жiберiлген әскери міндеттілерге, бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстан Демократиялық Республикасына жүк жеткiзу үшін жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне, бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстан Демократиялық Республикасына жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне, бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ауғанстан Демократиялық Республикасындағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданғандарға, бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) отбасына (азаматтарға) өмірлік қиын жағдайы туындағаннан кейін, он екі айдан кешіктірмей берген өтініштері бойынша отбасының (азаматтың) табысына байланыссыз жылына бір рет:

      табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) келген жағдайда "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті Атбасар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің анықтамасы негізінде, жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      әлеуметтік мәні бар (туберкулез, онкологиялық аурулар және АИТВ) ауруларға шалдыққан тұлғаларға, денсаулық сақтау органдарында тіркеуде тұратыны туралы медициналық мекеменің анықтамасы негізінде, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      білім беру мекемесімен жасалған келісім шарт көшірмесі негізінде, жалпы сипаттағы трансферттер есебінен, жылдық оқу құнының жүз пайыздық мөлшерінде, колледждерде күндізгі оқу нысаны бойынша ақылы оқитын ауылдық елді мекендерде тұратын, аз қамтылған және көп балалы отбасылардағы студенттерге, оқу үшін ақысын төлеуге көмек;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып шыққан тұлғаларға, бес айлық көрсеткіш мөлшерінде;

      пробация қызметі есебіндегі тұлғаларға, бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      6) ай сайын коммуналдық қызмет шығындары үшін уәкілетті ұйыммен ұсынылған тізімдерінің негізінде:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен жүз пайыз мөлшерінде, сумен, канализация, газбен, жылумен, электр қуатымен қамтамасыз ету, қоқыстарды жоюы, телефон байланысы қызметтері, абоненттік төлемақылары үшін, ұсынылған түбіртектерге сәйкес алушының есеп шотына аудару жолымен.

      Әлеуметтік көмек Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе мүгедегі пайдаланғанға дейін, олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне (азаматына) жеңілдіктер көрсетіледі;

      екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашисттер мен олардың одақтастары құрған конслагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      7) бір рет, отбасына (азаматтарға) өмірлік қиын жағдайы туындағанда уәкілетті ұйымның берген тізімдер негізінде өтініш бере отырып, қайтыс болғандарды жерлеуге:

      жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстан Демократиялық Республикасына жiберiлген әскери мiндеттiлерге, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстан Демократиялық Республикасына жүк жеткiзу үшін жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстан Демократиялық Республикасына жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ауғанстан Демократиялық Республикасындағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      8) табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтың 4 және одан да көп кәмелет жасқа толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға, арыз бойынша, он бес есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет;

      9) көпбалалы аналарға және олардың 15 жасқа дейінгі балаларына, қалалық жолаушылар көлігінің маршруттарында жол жүруге - жол билеттері, тоқсан сайын.";

      10-тармақ жана редакцияда баяндалсын:

      "10. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы органдары бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.";

      орыс тіліндегі 11-тармаққа өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Ақсеитова С.К.
      Атбасар аудандық
мәслихатының хатшысы
Борұмбаев Б.А.

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Атбасар ауданының
әкімі
А.А.Қалжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады