Примечание РЦПИ.
В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Қ.Шахпұтоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Астрахан ауданының әкімі |
Н.Сейілов |
Астрахан ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "24" қаңтардағы № 19 қаулысымен бекітілген |
2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік
білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
№ | Мектепке дейінгі білім беру ұйымының түрі | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындарының орташа құны (теңге) | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) | |||
мемлекеттік | жеке меншік | мемлекеттік | жеке меншік | мемлекеттік | жеке меншік | ||
1 | Балабақша | 500 | 75 | 30579 | 30579 | 11000 | 11000 |
2 | Толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 |
3 | Жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | 313 | 0 | 8348 | 0 | 0 | 0 |