Астрахан ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 17 шілдедегі № 149 "Астрахан ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 83 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 12 сәуірде № 7134 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Астрахан ауданы әкімдігінің "Астрахан ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" 2018 жылғы 17 шілдедегі № 149 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6743 болып тіркелген, 2018 жылғы 7 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Қ.Шахпұтоваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Астрахан ауданының
әкімі
Н.Сейілов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрлігі Ақмола облысының
полиция департаменті Астрахан ауданының
полиция бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
А.Уразалин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады