Астрахан ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 115 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 6 мамырда № 7172 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 277 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 11.12.2019 № 277 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 1 тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1 тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес, Астрахан ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары бекітілсін.

      2. Астрахан ауданы әкімдігінің "Астрахан ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 302 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6225 тіркелген, 2017 жылғы 22 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Қ.Шахпұтоваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Астрахан ауданының
әкімі
Н.Сейілов

 
  Астрахан ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 4 мамырдағы
№ 115 қаулысына қосымша

Астрахан ауданында стационарлық емес сауда объектілерін
орналастыру орындары

Әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы

Орналасқан жері

1

Астрахан ауылы

Бауыржан Момышұлы көшесі, "Премьера" дәмханасының жанында;
Абылайхан көшесі, "Соты" дүкенінің жанында;
Достық көшесі, қоғамдық монша ғимаратына қарама-қарсы

2

Тобылжан ауылы

Речная көшесі, медициналық пунктінің артқы аумағы

3

Жаңабірлік ауылы

Жеңіс көшесі, № 7 жекеменшік үйінің артқы аумағы

4

Жалтыр ауылы

Ленин көшесі, "Империя", ИП "В.Г. Купавская", "АлҰнушка", "Изюми" дүкендерінің жанында

5

Ақбейіт ауылы

Центральная көшесі, орталық алаң

6

Зеленое ауылы

Молодежная көшесі, "С.В. Шафранский" шаруа қожалығы ғимаратының жанында;
Мира көшесі, "Зеленое-1" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің асханасына қарама-қарсы

7

Шілікті ауылы

Бейбітшілік көшесі, № 20 жекеменшік үйінің жанында;
Бейбітшілік көшесі, № 35 жекеменшік үйінің жанындағы аумағы

8

Первомайка ауылы

Садовая көшесі, № 23 және № 25/1 жекеменшік
үйлерінің арасында

9

Лозовое ауылы

Степная көшесі, № 16 және № 18/1
ғимараттарының арасында

10

Камышенка ауылы

Мира көшесі, № 32 және № 34 жекеменшік үйлерінің арасында

11

Новый Колутон ауылы

Достық көшесі, ауылдық клубтың ғимаратына қарама-қарсы

12

Қаракөл ауылы

Әл-Фараби көшесі, медициналық пункті ғимаратына қарама-қарсы

13

Старый Колутон ауылы

Бауыржан Момышұлы көшесі, орталық алаң

14

Ковыленка ауылы

Аманжол Шалтаев көшесі, ауылдық клуб ғимаратының жанындағы алаң

15

Қоскөл ауылы

Жапархан Асаинов көшесі, медициналық пункті ғимаратының жанында

16

Еңбек ауылы

Достық көшесі, № 2/1 жекеменшік үйінің жанындағы аумағы

17

Колутон станциясы

Ілияс Есенберлин көшесі, орталық алаң

18

Бірлік ауылы

Абылайхан көшесі, орталық алаң

19

Жаңатұрмыс ауылы

Абылайхан көшесі, орталық алаң

20

Акимовка ауылы

Сарыкөл көшесі, орталық алаң

21

Оксановка ауылы

Достық көшесі, ауылдық кітапхана алдындағы алаң

22

Ұзынкөл ауылы

Целинная көшесі, № 30 жекеменшік үйінің жанында

23

Алғабас ауылы

Уахит Құрманғожин көшесі, орталық алаң

24

Бұлақты ауылы

Юрий Гагарин көшесі, "Баянды" шаруа қожалығы кеңсесіне қарама-қарсы

25

Степное ауылы

Орталық көшесі, № 27 және № 29 ғимараттарына қарама-қарсы аумағы

26

Каменка ауылы

Желтоқсан көшесі, "Жансая" дүкенінің жанында;
Желтоқсан көшесі, ауылдық мәдениет үйдің алдында

27

Жарсуат ауылы

Бауыржан Момышұлы көшесі, № 49 жекеменшік үйінің жанында

28

Ягодное ауылы

Достық көшесі, № 33 жекеменшік үйінің жанында

29

Петровка ауылы

Қажымұқан Мұнайтпасов көшесі, № 32 және № 33 жекеменшік үйлерінің жанында

30

Жамбыл ауылы

Абай Кұнанбаев көшесі, "Е.А. Дюсекеев" шаруа қожалығы ғимаратының жанында

31

Өрнек ауылы

Мәншүк Маметова көшесі, № 22 жекеменшік үйінің жанында

32

Новочеркасское ауылы

Мир көшесі, № 14 жекеменшік үйінің жанында;
Мир көшесі, "Федоренко және К" коммандиттік серіктестігінің наубайхана ғимаратына қарама-қарсы

33

Өндіріс ауылы

Қабдірахман Әділбаев көшесі, № 23 жекеменшік үйінің жанында

34

Приишимка ауылы

Бейбітшілік көшесі, № 11 және № 12/1 жекеменшік үйлерінің арасында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады