Бұланды ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № А-12/390 "Бұланды ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай - ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 1 наурыздағы № А-03/61 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 наурызда № 7090 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бұланды ауданы әкімдігінің "Бұланды ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № А-12/390 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6981 болып тіркелген, 2019 жылғы 3 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж. Нұркенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Ақмола облысының
полиция департаменті
Бұланды ауданының
полиция бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
А. Метаев

      "1" наурыз 2019 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады