Егіндікөл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С31-2 "2019-2021 жылдарға арналған Егіндікөл ауылының бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 20 наурыздағы № 6С33-3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 26 наурызда № 7110 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109-1 бабының 1 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Егіндікөл аудандық мәслихатының "2019-2021 жылдарға арналған Егіндікөл ауылының бюджеті туралы" 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С31-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7047 тіркелген, 2019 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "1. 2019–2021 жылдарға арналған Егіндікөл ауылының бюджеті тиісінше 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

      1) кірістер – 52 776,0 мың теңге, оның ішінде:

      салықтық түсімдер – 26 076,0 мың теңге;

      салықтық емес түсімдер – 0 мың теңге;

      негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

      трансферттер түсімі – 26 700,0 мың теңге;

      2) шығындар – 52 776,0 мың теңге;

      3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

      қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

      мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

      4) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;

      5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 мың теңге:

      қарыздар түсімі – 0 мың теңге;

      қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

      бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.";

      келесі мазмұндағы 4-1 тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Егіндікөл ауылының 2019 жылға арналған бюджетінде ең төменгі жалақы мөлшерінің өзгеруіне байланысты азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге 2 096,0 мың теңге сомасында республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін.";

      көрсетілген шешімінің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
М.Бектұров
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Б.Абилов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Егіндікөл ауылының әкімі А.Башенов

      2019 жылғы 20 наурыз

  Егіндікөл аудандық мәслихатының
2019 жылғы 20 наурыздағы
№ 6С33-3 шешіміне
қосымша
  Егіндікөл аудандық мәслихатының
2018 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 6С31-2 шешіміне
1 қосымша

Егіндікөл ауылының 2019 жылға арналған бюджеті

Санаты

мың теңге сома


Сыныбы



Кіші сыныбы


Атауы




I. Кірістер

52776,0

1



Салықтық түсімдер

26076,0


01


Табыс салығы

8081,0



2

Жеке табыс салығы

8081,0


04


Меншiкке салынатын салықтар

17995,0



1

Мүлiкке салынатын салықтар

92,0



3

Жер салығы

629,0



4

Көлiк құралдарына салынатын салық

17274,0

4



Трансферттер түсімі

26700,0


02


Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер

26700,0



3

Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер

26700,0


Функционалдық топ

мың теңге сома


Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі



Бағдарлама




Атауы




II. Шығындар

52776,0

01



Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

20002,0

01

124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

20002,0

01

123

001

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

20002,0

06



Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру

1628,0

06

124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

1628,0

06

123

003

Мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсету

1628,0

07



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

6932,0


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

6932,0

07

123

008

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру

6932,0

12



Көлiк және коммуникация

24214,0

12

124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

24214,0

12

123

013

Аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

24214,0




III. Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо

0,0




Қаржы активтерін сатып алу

0,0




Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

0,0




IV. Бюджет тапшылығы (профициті)

0,0




V. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

0,0




Қарыздар түсімі

0,0




Қарыздарды өтеу

0,0




Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары

0,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады