Жарқайың аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 6С-33/4 "2019 жылға арналған Жарқайың ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2019 жылғы 26 шілдедегі № 6С-41/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 29 шілдеде № 7294 болып тіркелді

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 18 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" қаулысының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жарқайың аудандық мәслихатының "2019 жылға арналған Жарқайың ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы" 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 6С-33/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6969 тіркелген, 2018 жылғы 28 желтоқсанда "Жарқайың тынысы" және "Целинное знамя" аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      1 тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы,
аудандық мәслихат
хатшысының
міндетін атқарушы
А.Пугачев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жарқайың ауданының әкімдігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады