"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.С. Хасеновке жүктелсін.
3. Осы қаулының әрекеті 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Зеренді ауданының әкімі |
Б.Әбутәліпов |
Зеренді ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "31" мамырдағы № А-5/285 қаулысымен бекітілген |
2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға
мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | |||
Балабақша | Толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | Жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | |
мемлекеттік | жеке меншік | ||
135 | 80 | 150 | 155 |
кестенің жалғасы
Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындарының орташа құны (тенге) | Мектепке дейінгі ұйымдарында айына ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) | ||||||
Балабақша | Толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | Жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | Балабақша | Толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | Жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | ||
мемлекеттік | жеке меншік | мемлекеттік | жеке меншік | ||||
23869,7 | 23869,7 | 16921,6 | 8460,8 | 10000 | 12000 | 8000 | 4000 |