Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 26 желтоқсанда № 7602 болып тіркелді

      "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, Зеренді ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының кезектен тыс шұғыл отырысының 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 20 хаттамасының негізінде, Зеренді ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Зеренді ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайды жоюдың басшысы болып Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Е.К. Жүсіпбеков тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Е.К.Жүсіпбековке жүктелсін.

      4. Осы шешімнің әрекеті 2019 жылдың 10 желтоқсанынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      5. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Зеренді ауданының әкімі Б.Ғайса

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады