Қорғалжын аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 1/8 "Қорғалжын ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 қазандағы № 1/44 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 25 қазанда № 7435 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 7/9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 05.12.2023 № 7/9 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Қорғалжын аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қорғалжын аудандық мәслихатының "Қорғалжын ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 1/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5577 тіркелген, 2016 жылғы 27 қазанда аудандық "Нұр-Қорғалжын" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қорғалжын ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      2 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі -уәкілетті ұйым) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) атаулы күндер - жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      3) арнайы комиссия - өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Қорғалжын ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      4) ең төмен күнкөріс деңгейі - Ақмола облысының статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      5) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы –отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      7) өмірлік қиын жағдай - азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      8) уәкілетті орган – "Қорғалжын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      10) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.";

      4 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.";

      келесі мазмұндағы 5-1 тармағымен толықтырылсын:

      "5-1. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.";

      7 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "7. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы және мереке күндердің тізбесі:

      1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;

      2) 9 мамыр - Жеңіс күні;

      3) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні;

      4) 1 қазан - Қарттар күні;

      5) Қазақстанның мүгедектер күні - қазанның екінші жексенбісі.";

      9 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "9. Әлеуметтік көмек келесі санаттары алушыларға көрсетіледі:

      Ауғанстан Демократиялық Республикасы аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар қатарындағы тұлғаларға;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға;

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген басқа да санаттағы тұлғаларға;

      1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға;

      Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен тұлғаларға;

      ең төмен және төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушыларға;

      зейнеткерлік жасқа дейінгі 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге және мүгедек балаларға;

      табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға);

      қатерлі ісік ауруымен ауыратындарға;

      туберкулезбен ауыратындарға;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып шыққан тұлғаларға;

      пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға;

      төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға;

      колледждерде ақылы негізде күндізгі оқу нысанында оқитын ауылдық елді мекендерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге, мүгедек студенттерге;

      жоғары медициналық оқу орындарында ақылы негізде оқитын ауылдық елді мекендерде тұратын жетім-балалар, аз қамтылған, толық емес және көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге.

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейіне бір еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.";

      келесі мазмұндағы 9-1 тармағымен толықтырылсын:

      "9-1. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек бір рет облыстың жергілікті атқарушы органымен келісілген мөлшерінде көрсетіледі:

      1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні:

      Ауғанстан Демократиялық Республикасы аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар қатарындағы тұлғаларға;

      2) 9 мамыр - Жеңіс күні:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға;

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген басқа да санаттағы тұлғаларға;

      1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға;

      3) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні:

      Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен тұлғаларға;

      4) 1 қазан - Қарттар күні:

      ең төмен және төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушыларға;

      5) қазанның екінші жексенбісі – Қазақстанның мүгедектер күні:

      зейнеткерлік жасқа дейінгі 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге және мүгедек балаларға.";

      келесі мазмұндағы 9-2 тармағымен толықтырылсын:

      "9-2. Өмірлік қиын жағдай туындағанда, азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмай, азаматтарға (отбасыларға) өтініш бойынша, жылына бір рет әлеуметтік көмек көрсетіледі:

      1) колледждерде ақылы негізде күндізгі оқу нысанында оқитын ауылдық елді мекендерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге, мүгедек студенттерге өтініш оқу орнынан анықтама, оқу орнымен шарт, өтініш берушінің (отбасының) көрсетілген санаттарына жататындығын растайтын анықтама негізінде жергілікті бюджет есебінен жылдық оқу құны мөлшерінде;

      2) жоғары медициналық оқу орындарында ақылы негізде оқитын ауылдық елді мекендерде тұратын жетім-балалар, аз қамтылған, толық емес және көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге өтініш, аудан әкімі, студент және жұмыс беруші арасындағы шарт, оқу орнынан анықтама, оқу орнымен шарт, өтініш берушінің (отбасының) көрсетілген санаттарына жататындығын растайтын анықтама негізінде жергілікті бюджет есебінен жылдық оқу құны мөлшерінде;

      3) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған қатерлі ісіктермен ауыратындарға, туберкулезбен ауыратындарға, Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Қорғалжын орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның тізімі негізінде 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) табиғи апат немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) акт немесе анықтама негізінде, жағдай туындағаннан кейін, үш айдан кешіктірмей отбасының бір мүшесі өтінген кезде, 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) босату туралы анықтаманы ұсыну арқылы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып шыққан тұлғаларға, пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.";

      келесі мазмұндағы 9-3 тармағымен толықтырылсын:

      "9-3. Өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда әлеуметтік көмек төрт немесе одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын облыстың жергілікті атқарушы органымен келісім бойынша 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет көрсетіледі.";

      келесі мазмұндағы 10-1 тармағымен толықтырылсын:

      "10-1. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.";

      11 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "11. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы органымен бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.";

      12 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "12. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;

      3) Үлгілік қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;

      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;

      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.";

      14 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "14. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.";

      15 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "15. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларының 2, 3 - қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауылдық округтің әкіміне жібереді.

      Ауылдық округтің әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.";

      18 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "18. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауылдық округтің әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.";

      20 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "20. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағиданың 16 және 17-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қорғалжын аудандық
мәслихат сессиясының
төрайымы
Г.Балабекова
      Қорғалжын аудандық
мәслихат хатшысы
Ө.Балғабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қорғалжын ауданының
әкімі
Б.Жанбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады