РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы ""Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Сандықтау ауданының шекараларындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
Д.Ильдебаев |
Аудандық мәслихатының хатшысы |
С.Клюшников |
"КЕЛІСІЛДІ"
Сандықтау ауданы әкімінің міндетін атқарушы |
Г.Қадырова |
"Казақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің Сандықтау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі |