РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сандықтау ауданы әкімдігінің "2019 жылға арналған Сандықтау ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 2018 жылғы 22 қарашадағы № А-11/323 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6859 болып тіркелген, 2018 жылғы 30 қарашада "Сандыктауский край" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
осы қаулының қосымшасына сәйкес жоғарыда аталған қаулының қосымшасы жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Г.Е. Қадыроваға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сандықтау ауданының әкімі | А.Уисимбаев |
Сандықтау ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 қыркүйектегі № А-8/292 қаулысына қосымша Сандықтау ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 22 қарашадағы № А-11/323 қаулысына қосымша |
2019 жылға арналған Сандықтау ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№ | Ұйымның, кәсіпорынның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квота мөлшері (%) |
1 | "Сандықтау-Су" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 47 | 2,1 |
2 | "Широкое" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 50 | 2 |
3 | "Докаева Т.В." жеке кәсіпкер | 2 | 50 |