2019 жылға арналған Сандықтау ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 22 қарашадағы № А-11/323 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 27 қарашада № 6859 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, 2019 жылға арналған Сандықтау ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Г.Е. Қадыроваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сандықтау ауданының
әкімі
А.Исмағамбетов

  Сандықтау ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 22 қарашадағы
№ А-11/323 қаулысына
қосымша

2019 жылға арналған Сандықтау ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 19.09.2019 № А-8/292 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

р/б

Ұйымның, кәсіпорынның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

1

"Сандықтау-Су" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

47

2,1

2

"Широкое" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

50

2

3

"Докаева Т.В." жеке кәсіпкер

2

50



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады