Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылының шекарасын (шегін) белгілеу және өзгерту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 11 қаңтардағы № А-1/19 қаулысы және Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 277/40-6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 18 қаңтарда № 7054 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына сәйкес Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қабанбай батыр ауылдық округінің "ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер" санатындағы жерлері есебінен Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылының жалпы 3830 гектар шекарасы (шегі) белгіленсін және өзгертілсін.

      2. "Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі жер-есебі құжаттарына қажетті өзгерістер енгізсін.

      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Целиноград ауданының әкімі М.Тәткеев
      Целиноград аудандық мәслихаты
сессиясының төрағасы
Н.Тоқабаев
      Целиноград аудандық мәслихатының
хатшысы
Б.Жанбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады