Ескерту.. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 10.07.2020 № 429/64-6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Целиноград аудандық мәслихатының "Целиноград ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 17/2-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5387 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасына:
1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"1. Бейбіт жиналыстар мен митингілер өткізу орындары белгіленсін:
1) Ақмол ауылы, Гагарин көшесі, аудандық Мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң;
2) Ақмол ауылы, "Бахыт" ықшам ауданы, стадионға қарсы алаң.".
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Целиноград аудандық мәслихаты сессиясының төрайымы |
И.Саденова |
Целиноград аудандық мәслихатының хатшысы |
Б.Ибраев |
КЕЛІСІЛДІ"
Целиноград ауданының әкімі |