Целиноград ауданы Ақмол ауылының көшелеріне атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Целиноград ауданы Ақмол ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 26 ақпандағы № 3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 5 наурызда № 7093 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37-баптарына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 5 қазандағы қорытындысы негізінде, Ақмол ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Целиноград ауданы Ақмол ауылының көшелеріне атаулар берілсін:

      № 1 шағын ауданның 1 көшесін Міржақып Дулатұлы;

      № 1 шағын ауданның әкімшілік ғимарат көшесін Жеті жарғы;

      № 2 шағын ауданның № 2 көшесін Мағжан Жұмабаев;

      № 3 шағын ауданның № 2көшесін Төле би;

      № 1 шағын ауданның № 3 көшесін Әйтеке би;

      № 2 шағын ауданның № 3 көшесін Қазыбек би;

      № 3 шағын ауданның № 3 көшесін Құрманғазы;

      № 1 шағын ауданның № 4 көшесін Фариза Оңғарсынова;

      № 2 шағын ауданның № 4 көшесін Мәншүк Мәметова;

      № 3 шағын ауданның № 4 көшесін Мұқағали Мақатаев;

      № 4 шағын ауданның № 4 көшесін Дина Нұрпейісова;

      № 2, № 3, № 4 шағын аудандардың № 2 көшесін Рақымжан Қошқарбаев;

      № 2, № 3, № 4 шағын аудандардың № 3 көшесін Кенесары;

      № 4 шағын ауданның № 2 көшесін Роза Бағланова;

      № 4 шағын ауданның № 5 көшесін Амангелді Иманов.

      2. Целиноград ауданы Ақмол ауылының көшелері қайта аталсын:

      9-ой пятилетки көшесін Иван Шарф көшесіне;

      Степная көшесін Жаңа жол көшесіне;

      Приозерная көшесін Қосқопа көшесіне.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмол ауылдық
округінің әкімі
Ж. Дүйсекеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады