Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, 27 бабының 2), 3), 4) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Бурабай ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес, Бурабай ауданында 2020 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес, Бурабай ауданында 2020 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
3. Осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес, Бурабай ауданында 2020 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Бурабай ауданы әкімінің орынбасары М.Б.Нұрпановаға жүктелсiн.
5. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бурабай ауданының әкімі |
А.Муздыбаев |
Бурабай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "___"________ № _____________қаулысына 1 қосымша |
Бурабай ауданында 2020 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квота мөлшері (%) |
1 | "Казахдорстрой" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Щучинск филиалы | 556 | 1,1 |
2 | "Фирма "Дом отдыха Кокшетау" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 61 | 1,6 |
Бурабай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "___"________ № _____________қаулысына 2 қосымша |
Бурабай ауданында 2020 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квота мөлшері (%) |
1 | "АгроИнвест-2015" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 96 | 1 |
2 | "Кайсар-Б" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 51 | 2 |
Бурабай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "___"________ № _____________қаулысына 3 қосымша |
Бурабай ауданында 2020 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квота мөлшері (%) |
1 | "Арқа Сәулет" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 58 | 1,7 |