2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Геологиялық зерттеуге және пайдалы қазбаларды барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін Бурабай ауданы Успеноюрьев ауылдық округінің әкімшілік шекараларында орналасқан "RG Gold" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жалпы алаңы 30,72 гектар жер учаскелерін алып қоймастан 2020 жылғы 31 желтоқсан мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Геологиялық зерттеуге және пайдалы қазбаларды барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары жер учаскесін пайдаланған кезде "RG Gold" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бурабай ауданы әкімінің орынбасары У.М.Ғабдуллинге жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
А.Муздыбаев |