Ақтөбе қаласының ауылдарын тұрғын үй алаптарына қайта құру туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 1 наурыздағы № 84 қаулысы және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2019 жылғы 1 наурыздағы № 388 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 5 наурызда № 5977 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 8 бабына және 11 бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және 27 бабының 2 тармағына сәйкес және Ақтөбе қаласының өкілді және атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отырып, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтөбе қаласының келесі ауылдары тұрғын үй алаптарына қайта құрылсын:

      Кенес Нокин, Ақшат, Белогор, Белогор карьері, Бекқұл баба, Қызылжар, Пригородный, Садовое, Украинка, Өлке, Шиелісай, Жаңақоныс, Құрашасай, Жіңішке, Шестихатка, Құрайлы, Георгиевка, Елек, Өрлеу, Қарғалы, Ақжар, Мағаджан, Сазды.

      2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Ақтөбе қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы жүргізілген өзгерістерге сәйкес жер-кадастрлық құжаттаманы сәйкестендірсін.

      3. Осы бірлескен әкімдік қаулысы және мәслихат шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі О. ОРАЗАЛИН
      Облыс мәслихат хатшысы С. КАЛДЫГУЛОВА
      Облыстық мәслихатының
сессия төрағасы
Т. ЕСЕНҒҰЛОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады