Облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 73 "Облыстық бюджет және Ақтөбе қаласы, аудандар бюджеттері арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2019 жылғы 1 наурыздағы № 381 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 6 наурызда № 5982 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 45-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 29 қарашадағы "Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттері арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілері туралы" Заңының 26-бабына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 73 "Облыстық бюджет және Ақтөбе қаласы, аудандар бюджеттері арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5190 тіркелген, 2017 жылғы 16 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің кіріспесінде:

      мемлекеттік тілде "4-бабының 45-тармағына" сөздері "45-бабының 4-тармағына" сөздерімен;

      "қала" сөзі"қалалар" сөзімен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күнненбастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы
Т. ЕСЕНҒҰЛОВ
      Облыстық мәслихаттың хатшысы С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады