Облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 236 "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының мөлшерлемелері туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2019 жылғы 1 наурыздағы № 384 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 12 наурызда № 5991 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман Кодексінің 14-бабының 2) тармақшасына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 587-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 13 қыркүйектегі № 383 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17560 тіркелген, Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеудің әдістемелік нұсқауларының 6-тармағына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының мөлшерлемелері туралы" облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 236 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3326 тіркелген, 2016 жылғы 9 ақпанда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесінде:

      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 12 маусымдағы № 344 "Мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орман пайдалану үшін төлем ставкаларын есептеуге арналған ережелер мен әдістемелік нұсқаулықтарды бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5719 тіркелген, Мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орман пайдалану үшін төлем ставкаларын есептеу Ережесінің 4 және 8-тармақтарына" сөздер "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 13 қыркүйектегі № 383 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17560 тіркелген, Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеудің әдістемелік нұсқауларының 6-тармағына" сөздермен ауыстырылсын.

      көрсетілген шешімнің 1, 2, 3 қосымшалары 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы
Т. ЕСЕНҒҰЛОВ
      Облыстық мәслихаттың хатшысы С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА

  2019 жылғы 1 наурыздағы № 384 облыстық мәслихаттың шешіміне 1 қосымша
  2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 236 облыстық мәслихаттың шешіміне қосымша 1

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға төлем мөлшерлемелері

Қосалқы сүрек ресурстарының түрлері

Қабықтар, тонна (АЕК)

бұтақтар, тонна (АЕК)

түбiрлер, тонна (АЕК)

тамырлар, тонна (АЕК)

жапырақтар, тонна (АЕК)

бүршiктер, килограмм (АЕК)

1.

Қарағай

0,021

0,042

0,0105

0,063

0,0315

0,021

2.

Емен, шаған

0,041

0,082

0,0205

0,123

0,0615

0,041

3.

Жабысқақ қара қандыағаш, үйеңкі, шегіршін, жөке

0,014

0,028

0,007

0,042

0,021

0,014

4.

Қайың

0,016

0,032

0,008

0,048

0,024

0,016

5.

Көктерек, ағаш тектес тал, терек

0,011

0,022

0,0055

0,033

0,0165

0,011

6.

Сары қараған, бұта тектес талдар, шырғанақ, жүзгін, шеңгел және өзге де бұталар

0,012

0,024

0,006

0,036

0,018

0,012

      Негіздеме: Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақы мөлшерлемесінің есебі "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" ММ жасалып және "Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" РММ келісілген.

  2019 жылғы 1 наурыздағы № 384 облыстық мәслихаттың шешіміне 2 қосымша
  2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 236 облыстық мәслихаттың шешіміне қосымша 2

Мемлекеттік орман қорында жанама орман пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелері

№ р/с

Жанама орман пайдаланудың түрі

Өлшембірлігі

Төлемақы мөлшерлемелері, теңге

1.

Шөп шабу, соның ішінде шабындық жерлердің сапалық жай-күйінің топтары бойынша:



1.1.

жақсы

гектар

2022

1.2.

қанағаттанарлық

гектар

1516

1.3.

нашар

гектар

1179

2.

Мал жаю, соның ішінде ауылшаруашылық жануарларының топтарына сәйкес малдың бір басын жаю үшін:



2.1.

түйе

бас

1179

2.2.

ірі қара мал, жылқы

бас

943

2.3.

ірі қара малдың төлі, есек

бас

472

2.4.

ешкі

бас

825

2.5.

қой

бас

236

3.

Орман қоры учаскелерін бау-бақша, басқадай ауылшаруашылық дақылдарын өсіру үшін пайдалану



3.1.

ауданы 0,50 гектарға дейін болса

0,01 гектар

20

3.2.

ауданы 0,50 гектардан жоғары болса

0,01 гектар

100

4.

Орман қоры учаскелерін сүрек және бұта тұқымдылардың отырғызу материалдарын және арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін пайдалану

гектар

0

      Негіздеме: Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақы мөлшерлемесінің есебі "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" ММ жасалып және "Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" РММ келісілген.

  2019 жылғы 1 наурыздағы № 384 облыстық мәслихаттың шешіміне 3 қосымша
  2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 236 облыстық мәслихаттың шешіміне қосымша 3

Аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін, ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру, туристік, рекреациялық және спорттық мақсаттарда мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелері

№ р/с

Пайдалану түрлері, соның ішінде мерзімдері бойынша

Өлшем бірлігі

Төлемақы мөлшерлемелері (теңге, АЕК)

Ұзақ мерзімді орман пайдалану (10 жылдан 49 жылға дейін)

1.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін туристік, рекреациялық және спорттық мақсаттары үшін пайдалану

гектар

7549

2.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру мақсаттары үшін пайдалану

гектар

843

3.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін пайдалану

гектар

1685

Қысқа мерзімді орман пайдалану (1 жылға дейін)

4.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін туристік, рекреациялық және спорттық мақсаттары үшін пайдалану

адам-күн

0,1 АЕК

5.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру мақсаттары үшін пайдалану

адам-күн

0,1 АЕК

      Негіздеме: Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақы мөлшерлемесінің есебі "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" ММ жасалып және "Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" РММ келісілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады