Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының мөлшерлемелері туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 236 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 27 қаңтарда № 3326 тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбында, бүкіл мәтіні бойынша және қосымшаларында қазақ тілінде "ставкалары", "ставкаларының" сөздері "мөлшерлемелері", "мөлшерлемелерінің" сөздерімен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді – Ақтөбе облыстық мәслихатының 30.05.2017 № 160 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Орман Кодексі" Кодексінің 14-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 587-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 13 қыркүйектегі № 383 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17560 тіркелген, Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеудің әдістемелік нұсқауларының 6-тармағына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облыстық мәслихатының 22.02.2018 № 254 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облыстық мәслихатының 01.03.2019 № 384 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының мөлшерлемелері 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

      2. Орман пайдалану төлемінен түскен қаражат жергілікті бюджет кірісіне жіберілсін.

      3. Орман пайдалану төлемақысының мөлшерлемелері мөлшері мәліметін төлемшілерге жеткізу "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" ММ-не (келiсiм бойынша), Ақтөбе қаласы және аудандардың әкімдеріне (келiсiм бойынша) ұсынылсын.

      4. "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдалану төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3202 тіркелген, "Ақтөбе" газетінің 2007 жылғы 28 сәуірдегі № 52-53 және "Актюбинский вестник" газетінің 2007 жылғы 3 мамырындағы № 54-55 жарияланған) облыстық мәслихаттың 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 342 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы
Облыстықмәслихаттың хатшысы
      Қ.ТОҚТАРОВ Б.ОРДАБАЕВ

  2009 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 236 облыстық мәслихаттың
шешіміне 1 қосымша

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға төлем мөлшерлемелері

      Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда – Ақтөбе облыстық мәслихатының 01.03.2019 № 384 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қосалқы сүрек ресурстарының түрлері

Қабықтар, тонна (АЕК)

бұтақтар, тонна (АЕК)

түбiрлер, тонна (АЕК)

тамырлар, тонна (АЕК)

жапырақтар, тонна (АЕК)

бүршiктер, килограмм (АЕК)

1.

Қарағай

0,021

0,042

0,0105

0,063

0,0315

0,021

2.

Емен, шаған

0,041

0,082

0,0205

0,123

0,0615

0,041

3.

Жабысқақ қара қандыағаш, үйеңкі, шегіршін, жөке

0,014

0,028

0,007

0,042

0,021

0,014

4.

Қайың

0,016

0,032

0,008

0,048

0,024

0,016

5.

Көктерек, ағаш тектес тал, терек

0,011

0,022

0,0055

0,033

0,0165

0,011

6.

Сары қараған, бұта тектес талдар, шырғанақ, жүзгін, шеңгел және өзге де бұталар

0,012

0,024

0,006

0,036

0,018

0,012

      Негіздеме: Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақы мөлшерлемесінің есебі "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" ММ жасалып және "Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" РММ келісілген.

  2009 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 236 облыстық мәслихаттың
шешіміне 2 қосымша

Мемлекеттік орман қорында жанама орман пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелері

      Ескерту. 2 қосымша жаңа редакцияда – Ақтөбе облыстық мәслихатының 01.03.2019 № 384 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

№ р/с

Жанама орман пайдаланудың түрі

Өлшембірлігі

Төлемақы мөлшерлемелері, теңге

1.

Шөп шабу, соның ішінде шабындық жерлердің сапалық жай-күйінің топтары бойынша:



1.1.

жақсы

гектар

2022

1.2.

қанағаттанарлық

гектар

1516

1.3.

нашар

гектар

1179

2.

Мал жаю, соның ішінде ауылшаруашылық жануарларының топтарына сәйкес малдың бір басын жаю үшін:



2.1.

түйе

бас

1179

2.2.

ірі қара мал, жылқы

бас

943

2.3.

ірі қара малдың төлі, есек

бас

472

2.4.

ешкі

бас

825

2.5.

қой

бас

236

3.

Орман қоры учаскелерін бау-бақша, басқадай ауылшаруашылық дақылдарын өсіру үшін пайдалану



3.1.

ауданы 0,50 гектарға дейін болса

0,01 гектар

20

3.2.

ауданы 0,50 гектардан жоғары болса

0,01 гектар

100

4.

Орман қоры учаскелерін сүрек және бұта тұқымдылардың отырғызу материалдарын және арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін пайдалану

гектар

0

      Негіздеме: Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақы мөлшерлемесінің есебі "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" ММ жасалып және "Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" РММ келісілген.

  2009 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 236 облыстық мәслихаттың
шешіміне 3 қосымша

Аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін, ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру, туристік, рекреациялық және спорттық мақсаттарда мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелері

      Ескерту. 3 қосымша жаңа редакцияда – Ақтөбе облыстық мәслихатының 01.03.2019 № 384 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

№ р/с

Пайдалану түрлері, соның ішінде мерзімдері бойынша

Өлшем бірлігі

Төлемақы мөлшерлемелері (теңге, АЕК)

Ұзақ мерзімді орман пайдалану (10 жылдан 49 жылға дейін)

1.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін туристік, рекреациялық және спорттық мақсаттары үшін пайдалану

гектар

7549

2.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру мақсаттары үшін пайдалану

гектар

843

3.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін пайдалану

гектар

1685

Қысқа мерзімді орман пайдалану (1 жылға дейін)

4.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін туристік, рекреациялық және спорттық мақсаттары үшін пайдалану

адам-күн

0,1 АЕК

5.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру мақсаттары үшін пайдалану

адам-күн

0,1 АЕК

      Негіздеме: Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақы мөлшерлемесінің есебі "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" ММ жасалып және "Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" РММ келісілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады