Ақтөбе облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 125 "Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваттың қорғау аймағын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 192 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 21 мамырда № 6173 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 125 "Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваттың қорғау аймағын белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3293 тіркелген, 2009 жылғы 2 маусымда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін;

      3) осы қаулыны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі О. Оразалин

  Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 192 қаулысына қосымша
  Ақтөбе облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 125 қаулысына қосымша

Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваттың қорғау аймағының мөлшері

Жер пайдаланушылардың атауы

Жер учаскелерінің көлемі, гектар

Нұра ауылдық округі

"Ақбота" шаруа қожалығы

805

"Көркем" шаруа қожалығы

250

"Әділет" шаруа қожалығы

804,8

"Молшылық" шаруа қожалығы

500

"Бауыржан" шаруа қожалығы

2000

Тәуіп ауылдық округі

"Сер-Мак" шаруа қожалығы

6000

"Көшекбай" шаруа қожалығы

1500

Жайсаңбай ауылдық округі

"Дархан" шаруа қожалығы

4070

"Мирас" шаруа қожалығы

400

"Азамат" шаруа қожалығы

6026

Қор жерлері:

171896,2

Барлық қорғау аймағы:

194252


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады