2019 жылға Ақтөбе облысында балық өсіру шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 24 мамырдағы № 204 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 29 мамырда № 6205 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 4 қазандағы № 408 "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 17583 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы бойынша 2019 жылға акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері бекітілсін.

      2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада бекітілген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулыны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі О. Оразалин

  Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 24 мамырдағы № 204 қаулысымен бекітілген

Ақтөбе облысы бойынша 2019 жылға акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері

№ реттік саны

Тауарлық балық өнімдерінің түрлері

2019 жылғы жоспарланған өнім көлемі, кг

Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерінің 1 кг өндірісіне азық шығындарына берілетін субсидиялардың бекітілген нормативі, кг

Бекітілген норматив бойынша жалпы азық шығыны, кг (3 бағана х 4 бағана)

1 кг өнімге шығындар есебінен балықтар азығына берілетін субсидиялардың бекітілген сомасы, теңге

Акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өзіндік құнын арзандату үшін жоспарланған субсидиялардың көлемі, теңге (5 бағана х 6 бағана)

1

2

3

4

5

6

7

1

Бекіре және оның буданы

2 000

1,5

3 000

285,0

855 000

2

Тұқы және оның буданы

5 107,15

4,0

20 428,57

105,0

2 145 000,0


Барлығы

7 107,15

х

23 428,57

х

3 000 000,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады