Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 9-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 11 ақпандағы № 281 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, соларға теңестірілген адамдардың, I, II, III топтағы мүгедектердің, 16 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедектердің және оларды еріп жүрген адамдардың жол жүру төлемдері туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3328 тіркелген, 2010 жылғы 11 наурызда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жариялған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
шешімнің 2-тармағында:
1) тармақшадағы "СТН көрсетілген" сөздері - алынып тасталсын;
3), 4) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"3) мүгедек баланың жеке куәлігінің көшірмесі немесе туу туралы куәлігінің көшірмесі;
4) жолдама:
стационарға емдеуге жатқызуға;
республикалық деңгейде мамандандырылған және жоғары мамандандырылған консультациялық-диагностикалық көмек алуға;
6) жол жүру дерегін растайтын билеттер, егер олар болмаған жағдайда – темір жол көлігінде емделу орнына дейінгі және кері қайтуға жол жүру құны туралы анықтама;";
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) 1-тармақта көрсетілген адамды алып жүру қажеттігін растайтын медициналық анықтама.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, соларға теңестірілген адамдар, I, II, III топтағы мүгедектер, 16 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедектер және оларды ертіп жүрген адамдар емдеу орнынан келген күнінен бастап екі айлық мерзімнен кешіктірмей 2-тармақта көрсетілген жол жүру дерегін растайтын құжаттарды ұсынады.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы |
Б. БЕРКІМБАЕВ |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА |