Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Біршоғыр ауылдық округін Бершүгір ауылдық округі деп қайта атау туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 240 қаулысы және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2019 жылғы 19 маусымдағы № 430 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 25 маусымда № 6265 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 және 27-баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы "Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы" № 138 қаулысына, облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 20 желтоқсандағы қорытындысына, Шалқар ауданы әкімдігінің және мәслихатының ұсыныстарына сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Біршоғыр ауылдық округі Бершүгір ауылдық округі деп қайта аталсын.

      2. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысының және мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Л. Тоқжановқа жүктелсін.

      3. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі О. ОРАЗАЛИН
      Облыстық мәслихаттың хатшысы С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА
      Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы
Б. БЕРКІМБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады