Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 10-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 және 27-баптарына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2011 жылғы 12 қазандағы № 328/415 "Ақтөбе облысы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы" бірлескен қаулысына және шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3378 тіркелген, 2011 жылғы 8 қарашада "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
әкімдік пен мәслихаттың бірлескен қаулысы мен шешімінің қосымшасында:
2 "Кеңес Нокин ауылы", 3 "Ақшат ауылы", 4 "Белогорка ауылы", 5 "Белогорский карьер ауылы", 6 "Бекқұл баба ауылы", 7"Қызылжар ауылы (облыстың орталығынан тыс жерлерде)", 8 "Пригородное ауылы", 9 "Садовое ауылы", 10 "Украинка ауылы", 11 "Өлке ауылы", 12 "Шилісай ауылы", 13 "Ақжар ауылы", 14 "Құрайлы ауылы", 15 "Георгиевка ауылы", 16 "Елек ауылы", 17 "Құрашасай ауылы" және 18 "Сазды ауылы" - жолдары алынып тасталсын.
2. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | О. ОРАЗАЛИН |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА |
Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы |
Б. БЕРКІМБАЕВ |