Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 351 "Ақтөбе облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2019 жылғы 19 маусымдағы № 433 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 25 маусымда № 6269 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 364-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-2-тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 19-1/252 "Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы", нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11434 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 351 "Ақтөбе облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4685 тіркелген, 2016 жылғы 27 қаңтарда Қазақстан Республикасы номативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Ақтөбе облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың Қағидаларын мынадай мазмұндағы 12-1 тармақпен толықтырылсын:

      "12-1. Азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында халыққа шомылу жүзеге асырылмайтын келесі жерлер айқындалсын:

      1) шлюздерге, гидроэлектростанцияларға, ағынды суды жіберетін орындарға, малдардың тұрағына және суарылатын жерлерге және басқа да ластау көздеріне, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген ластау көздеріне кемінде 500 метр жақын ара қашықтықта;

      2) температурасы төмен жер асты сулары шығатын, су иірімдері мен шұңқыр жерлерде;

      3) судың ағысы секундына 0,5 метрден асатын жерлерде;

      4) сазбалшықты учаскелерде, сондай-ақ қолайсыз және қауіпті табиғи факторлары бар кезде (жағалауы жайпақ, құлама жарсыз және шұңқырсыз, ал су айдынының түбі құмды, шылаусыз, балдырсыз, бұталарсыз және үшкір тастарсыз болуға тиісті).".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы
Б. БЕРКІМБАЕВ
      Облыстық мәслихаттың хатшысы С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады