Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 3 қыркүйектегі № 315 "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 18 шілдедегі № 273 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 шілдеде № 6281 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 3 қыркүйектегі № 315 "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3413 тіркелген, 2012 жылғы 18 қыркүйекте № 118 "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі О. Оразалин

  Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 18 шілдедегі № 273 қаулысына қосымша
  Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 03 қыркүйек № 315 қаулысына қосымша

Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы

Орналасқан жері

Заңды мекенжайы

Ақтөбе қаласы

1

"Нұрдаулет" сауда үйі

Әбілқайыр хан даңғылы, № 46 үй

2

"Мир" бизнес орталығы

Әбілқайыр хан даңғылы, № 87 үй

3

"Планета знаний" дүкені

Әбілқайыр хан даңғылы, № 79 үй, № 1 пәтер

4

"Электрон" дүкені

Әбілқайыр хан даңғылы, № 32 үй

5

"Жилгородской" базары

Бейбітшілік даңғылы, № 7 үй

6

"Әнуар" базары

Ш. Қалдаяқов көшесі, № 26 а үй

7

"Нектар" сауда үйі

11 мөлтек ауданы, Н. Шәйкенов көшесі, № 86 үй

8

"Иконы" дүкені

Ш. Уәлиханов көшесі, № 18 үй

Алға ауданы

9

"Мұхамедқазы Хазірет Меңдіқұлұлы" мешіті жанындағы сауда нүктесі

Алға қаласы, А. Байтұрсынов көшесі № 23 үй

Хромтау ауданы

10

Хромтау қаласы, М. Әуезов көшесі, № 1 үй

Хромтау қаласы, М. Әуезов көшесі, № 1 үй

Байғанин ауданы

11

"Тау" сауда үйі

Қарауылкелді ауылы, Барақ батыр көшесі, № 38 үй

Мұғалжар ауданы

12

Ембі қаласы, Б. Момышұлы көшесі, № 25 үй

Ембі қаласы, Б. Момышұлы көшесі, № 25 үй

Темір ауданы

13

Аудандық "Досжан ишан" мешіті жанындағы "Мұсылман тауарлары" сауда нүктесі

Шұбарқұдық ауылы, Н. Байғанин көшесі, № 27 үй

Қобда ауданы

14

"Сказка" дүкені

Қобда ауылы, С. Сейфуллин көшесі, № 8 үй

Шалқар ауданы

15

"Сұңқар" сауда үйі

Шалқар қаласы, Әйтеке би көшесі, № 6 үй


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады