Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Заңының 3-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабының 2-тармағына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 184 "Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 11 қыркүйектегі № 314 "Ақтөбе облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6142 тіркелген, 2019 жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесі орыс тіліндегі мынадай редакцияда жазылсын:
"В соответствии со статьями 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении Республики Казахстан", подпунктом 3) пункта 3 статьи 3 Закона Республики Казахстан от 9 июля 2004 года "Об участии граждан в обеспечении общественного порядка", пунктом 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" акимат Актюбинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:", қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.
2. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланған күнінен кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары | Р. Сыдыков |