Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Заңының 3-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 11 қыркүйектегі № 314 "Ақтөбе облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5659 тіркелген, 2017 жылғы 29 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны мерзімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | О. Оразалин |
Ақтөбе облысы әкімдігінің | |
2019 жылғы 13 мамырдағы | |
№ 184 қаулысына | |
қосымша | |
Ақтөбе облысы әкімдігінің | |
2017 жылғы 11 қыркүйектегі | |
№ 314 қаулысына қосымша |
Ақтөбе облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі және оларға ақшалай сыйақының мөлшері 1. Көтермелеудің түрлері
1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:
1) алғыс жариялау;
2) грамотамен марапаттау;
3) ақшалай сыйақы беру.
2. Көтермелеудің тәртібі
2. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Ақтөбе облысы әкімдігімен құрылған комиссия қарайды.
3. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге, қоғамдық тәртіпті қорғауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды ақшалай сыйақымен көтермелеу жөніндегі ұсыныстарды комиссияның қарауына Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы ұсынады.
4. Комиссия қабылдаған шешім - көтермелеу үшін, ал комиссия қабылдаған шешімге сәйкес Ақтөбе облысы полиция департаменті бастығының бұйрығы - көтермелеуге ақы төлеу үшін негіз болып табылады.
3. Ақшалай сыйақының мөлшері
5. Ақшалай сыйақының мөлшерiн комиссиямен белгiленеді және ол, әдетте, 10 есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.
6. Ақшалай сыйақы төлеу облыстық бюджет қаражаты есебiнен Ақтөбе облысының полиция департаментімен жүргiзіледі.
7. Көтермелеуге ақы төлеуге арналған қаражат Ақтөбе облысы полиция департаменті шығыстарының құрамында жеке бағдарламамен көзделедi.