Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 6648 "Ақтөбе қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № 3489 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 1 тамыздағы № 6319 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Заңының 3 бабының 2 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 6648 "Ақтөбе қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5836 тіркелген, 2018 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Ақтөбе қаласының әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының басшысы С. Нәбиге жүктелсін

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі М. Абдуллин

  Ақтөбе қаласы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 30 шілдедегі № 3489 қаулысына қосымша
  Ақтөбе қаласы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 6648 қаулысына қосымша

Ақтөбе қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

Көтермелеудің түрлері

      1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

      1) алғыс жариялау;

      2) грамотамен марапаттау;

      3) ақшалай сыйақы беру.

Көтермелеудің тәртібі

      2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Ақтөбе қаласы әкімдігімен құрылған қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын, қылмыстардың алдын алуға және ашуға ықпал еткен азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия (бұданәрi – Комиссия) қарайды.

      3. Қоғамдық тәртіпті сақтауда, қылмыстардың алдын алуда және жолын кесуде белсенді қолдау көрсеткен азаматтарды көтермелеу туралы ұсыныстарды Комиссияға қарауға "Ақтөбе облысының полиция Департаментінің Ақтөбе қаласының полиция басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi – Полиция басқармасы) ұсынады.

      4. Комиссия қабылдайтын шешiм көтермелеу үшiн негiз болып табылады.

      5. Көтермелеу түрiн, соның iшiнде ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушінің қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.

Ақшалай сыйақының мөлшерi

      6. Ақшалай сыйақының мөлшерi комиссиямен белгіленеді және ол, әдетте 10 айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.

      7. Ақшалай сыйақыны төлеу облыстық бюджет қаражаты есебінен Полиция басқармасымен жүргiзіледi.

      8. Ақшалай сыйақыны төлеу үшiн Комиссия қабылдайтын шешiмге сәйкес, қосымша Полиция басқармасы бастығының бұйрығы шығарылады.

      9. Көтермелеуге ақы төлеуге қаражат Ақтөбе облысының полиция Департаменті шығыстарының құрамында жеке бағдарламамен көзделеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады