Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 1845 "Ақтөбе қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 16 тамыздағы № 3798 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 тамызда № 6365 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 5137 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 28.12.2020 № 5137 қаулысымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына, 62 бабының 6 тармағына сәйкес, Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 1845 "Ақтөбе қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-1-184 тіркелген, 2018 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған қаулының орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жариялансын.

      2. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде тіркеуді;

      2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулыны Ақтөбе қаласы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкiмiнiң орынбасары А. Арынғазиеваға жүктелсiн.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қаласының әкімі М. Абдуллин

  Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 16 тамыздағы № 3798 қаулысына Қосымша
  Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 1845 қаулысымен бекітілген

Ақтөбе қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

№ р/н

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы (қала, ауыл, кент)

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге)

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында ата-ананың бір күндік төлемақы мөлшері (теңге)

1

Ақтөбе қаласы

25792

22000

500


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады