Қарағаш ауылдық округінің Нұрбұлақ елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге атау беру туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарағаш ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 22 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 31 желтоқсанда № 6642 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына және Ақтөбе облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №4 қорытындысы негізінде, аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қарағаш ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарағаш ауылдық округінің Нұрбұлақ елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге схемалық картаға сәйкес, "Болашақ" атауы берілсін.

      2. "Қарағаш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алға ауданы Қарағаш ауылдық
округінің әкімі
Н. Таженов

     


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады