Сарықобда ауылдық округінің Болгарка ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Алға ауданы Сарықобда ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 7 маусымдағы № 9 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 20 маусымда № 6258 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Ақтөбе облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 4 қорытындысының негізінде аумақ халқының пікірін ескере отырып, Сарықобда ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сарықобда ауылдық округінің Болгарка ауылының келесі көшелері қайта аталсын:

      "Орталық" көшесі - "Қазына" көшесіне;

      "Жастар" көшесі - "Отан" көшесіне.

      2. "Сарықобда ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарықобда ауылдық округінің әкімі: А.Б. Есенжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады