Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 8) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы", нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13898 тіркелген бұйрығына сәйкес, Байғанин аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2019 жылға Байғанин ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымның тізімдік санынының екі пайыз мөлшерінде ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. "Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Байғанин аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Жаңабайға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Байғанин ауданының әкімі | А. Шериязданов |