Байғанин аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 36 "Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 қарашадағы № 297 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 12 қарашада № 6450 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18 бабының 22) тармақшасына және 31 бабына сәйкес, Байғанин аудандық әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Байғанин аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 36 "Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-4-153 болып тіркелген, 2018 жылғы 20 наурызда "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген, Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидаларында:

      7 тармақ келесідей жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Өзінің бағуында және пайдалануында қараусыз қалған жануарлар болған адам өзінің бағуындағы жануарларды меншігіне алудан бас тартқан кезде олар аудандық коммуналдық меншікке түседі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi" қаулысымен белгiленген тәртіп бойынша пайдаланылады.".

      2. "Байғанин аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Байғанин аудандық әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Байғанин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Байғанин ауданының әкімі К. Утаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады